АУДАН ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов еліміздің оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан Жетісай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында 2019 – 2020 жылдары құрылысы басталған 5 қабатты 20 пәтерлі 4 тұрғын үй және 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылыстарымен танысып, мамандармен жүздесті.
Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімінде орналасқан 5 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарының 85 пайызға жуығы аяқталып, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жер теліміне ауыз су, газ жүйесі, электр желілері мен кәріз жүйелерін жүргізіп, КТП орнату секілді инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысы толығымен аяқталғанымен, биылғы жылы 110/35/10 кВ қосалқы станция құрылысын салу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынын жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 1 млрд 300 млн теңгені құрайтын жобаны іске асыру мақсатында тиісті салалық басқармалардан қорытындылар алынып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қарастыру үшін құжаттар топтамасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына тапсырылған.
110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысына қаржы қаралып, пайдалануға тапсырылған жағдайда 80 га жер телімі электр кернеуімен қамтамасыз етіліп, аталған 5 қабатты 6 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру мүмкіндігі туады.
Аудан басшысы жауапты мамандарына жұмыстарды тездетуді тапсырып, қажет болған жағдайда салалық басқармаларға хат жолданатынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...