ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мемекеме басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сайрам аудандық мәслихатының шешім жобасына қорытынды беру туралы.
2. Сайрам аудандық орталық ауруханасының 2022 жылғы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі.
3. «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының 2022 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілдаев қысқаша ақпарат берді. Екінші және үшінші мәселе бойынша Сайрам аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Зарипа Амангельдиева және «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Асқар Үмбетовтердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...