ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Хасанов Бахытбек ауыл тұрғындарын қабылдап, олардың мемлекеттік қайтарымсыз грант алу туралы өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдау барысында Ақбұлақ ауылының тұрғыны, көп балалы отбасының иесі Ж.Тұмышев «Термопанель өндіру» бойынша жасаған бизнес жобасын таныстырып, осы жоба тиісті мекеме тарапынан қолдау табуына және қаржыландыруына ықпал етуін сұранды.
Ал, кейінгі кезекте Ақсукент ауылының тұрғыны, мүгедектігі бар азаматша Г.Шерметова әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін айтып, кәсіптік оқу курсына жолдау және кәсіпкерлік ісін бастау үшін бизнес жобасын жасауға көмек беруді өтінді.
Жеке қабылдау соңында Бахытбек Сембекұлы аталған мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын қарастыратынын түсіндірді. Өз кезегінде Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысына әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді бақылауына алып, заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...