САРЫАҒАШ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Есеп барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы баяндама жасады.
Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы өткен жылы барлық салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, кейбір көрсеткіштер бойынша облыста көш ілгері тұрғанын жеткізді. Баяндама барысында әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, елді мекендерде атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.
Кеңес мүшелері тарапынан жиын барысында қоқыс тазалау, көпқабатты тұрғын үйлерге пандус орнату, электр жарығымен қамтамасыз ету, олимпиадалық мамандандырылған спорт мектебін ашу, шипажайлардың су қоры, жайылым жер мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, аудан әкімі тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы Е.Тастемиров, аудандық мәслихаттың бас маман заңгері Ж.Турсынбай шешім жобасы мен қаулы жобаларын талқылау мәселелері бойынша хабарлама жасады.
Баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, сала басшылары тарапынан аталған сұрақтарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің алдағы қызметі берекелі болуына тілек білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...