САРЫАҒАШ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

САРЫАҒАШ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ АУДАНҒА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Дауылбаев ауданға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жоспарланған мектептерге бөлінген жерлермен танысу үшін іс-сапарымен келді. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылысы жоспарланып отырған, Дербісек, Қызылжар ауылдық округтерінде және Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы және Б.Оспанов көшесі бойына түсетін мектептердің құрылыс жоспарлары мен жер учаскелерін көрсетті. Аралау барысында, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Е.Дауылбаев:
-Мемлекетті дамытатын жастарды тәрбиелеу үшін білім саласына айрықша қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Сарыағашта 10 мектептің құрылысы жүреді. Елді мекен аумағынан «Жайлы мектеп» құрылысына бөлінген жерлерді талапқа сай жер учаскелеріне ауыстыру қажет. Сонымен қатар, инфрақұрылым жүйелерінде кемшілік болмау маңызды,- деп айтып өтті.
Айта кетсек, жалпы аудан аумағында 2023-2025 жылдарға 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Жайлы мектептің басқа мектептерден ерекшелігі жоғары стандартқа сай заманауи үлгіде құрылысы жүргізіліп, жаңа білім стандартына сәйкес оқушылар білім алатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...