САРЫАҒАШ: ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

САРЫАҒАШ: ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінен Көктерек кентіне өткен егістік жерлерді ортақ жайылымға ауыстырып беру жөніндегі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жер иелерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев, Көктерек кентінің әкімі Ү.Тұржанова және Жарты төбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Мәселенің жәй-жапсарымен танысқан аудан әкімі:
- Жайылым жер бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі екенін өздеріңізде жақсы білесіздер. Осыған орай елді мекеннің ортақ мал жайылымның үлесін арттыру маңызды. Бүгінгі кездесуде мен тек бір тарапты тыңдадым, алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап, ортақ шешімге келуіміз қажет, - деді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...