ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАДЫ

Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 1-10 мамыр аралығында 4358 өтініш келіп түсті. Оның 3904-не мезгілінде жауап беріліп оң шешілген.
Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты. Мереке күндері де орталықтың операторлары үздіксіз тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеп, жауаптар жолдап отырды.
Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Қоңырау категориясы консультация беру, оқиғаға байланысты арыз-шағым, шағым, алғыс және ұсыныс негізінде 5 түрмен жүргізіледі.
Айта кетейік, Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығы – «Ашық әкімдік» және «Халықтық әкімдік» тұжырымдамаларына сәйкес жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайту бойынша жұмыс жүргізетін алаң. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...