ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Наурыз айында, Қызылжар ауылдық округіндегі Жаскешу елді мекенінің тұрғындарымен кездесу барысында, Келес өзен арнасының су деңгейінің көктем және күз айларында көбеюіне байланысты, су арнасына шығуынан жарлардың құлау қаупі жоғары екенін айтып өткен еді.
Бұл ретте, өзен жанында орналасқан мазаратты су алу қаупін ескеріп, аудан басшысы Арман Абдуллаев бұл мәселені өз бақылауында алатынын және тиісті шараларды қабылдайтынын айтып өткен.
Бұрын келісілгендей, аудан басшысы су деңгейі төмендегенде, су арнасын туралау жұмыстарын бастауды тапсырған болатын.
Осы ретте, бүгін Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіндегі Келес өзенінің мән-жайымен танысуға арнайы барып, аталған ауылдық округ әкіміне су арнасының туралау бойынша арнайы техникалық көліктері бар тұрғындарды жұмыла жамылдырып жұмыстарды тездетуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...