ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті. Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды.
“Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ерекше назар аударып келеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Тай капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдеуге дайынбыз” – деді қала әкімі.
Еске саларлық, оңтүстік өңірінің инвестициялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен елшіліктердің, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ танымал кәсіпкерлер мен инвесторлар арнайы шақырылған болатын.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы - еліміздің ең ірі өнеркәсіптік аймағы саналады. Өңірде түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға экономикалық және адами ресурстар да жеткілікті. Форум спикерлері мемлекет қолдауы арқылы өңірдің осындай әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды талқылады.
500 адам қатысқан еркін форматта ұйымдастырылған диалог алаңында бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шетелдік және отандық компаниялармен меморандумдар түзілуде.
Қазақстан-Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар ел тәуелсіздігін алған жылдардан басталған. Ынтымақтастық көрсеткіштерінің бірі - қалалар арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Таиландтың әлемге әйгілі туристік бағыты Паттайя мен Шымкент - бауырлас қалалар.
Тараптар кездесу барысында қалалалар арасындағы байланысты нығайтудағы өзекті мәселелердің шешімін талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тек туризм, мәдениет салаларында ғана емес, сауда-саттық, білім, денсаулық сақтау бағыттарында да бірлескен жобаларды қолға алуды қарастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...