БӘЙДІБЕК: САРЫБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІМІН ТАПҚАН БІР МӘСЕЛЕ

БӘЙДІБЕК: САРЫБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІМІН ТАПҚАН БІР МӘСЕЛЕ

Өткен аптада аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің қабылдауында болған Сарыбұлақ елді мекенінің тұрғындары электр энергиясының төмен екендігі, қосымша трансформатор орнату жөнінде мәселе көтерген болатын. Сарыбұлақтық тұрғындардың өтінішін назарға алған аудан әкімі тиісті жұмыстар жүргізу үшін жауапты бөлімдер мен мекемелерге тапсырма берген еді.
Бүгін Сарыбұлақ елді мекені тұрғындарының көтерген мәселесі шешімін тауып, жаңадан қосымша 250КВт трансформатор орнатылуда.
Аудан әкімінің сала бойынша орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Енжанов, аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Мұхан Айнақожа, ауыл әкімі Асылхан Тоқтамысов аталған елді мекенде болып, жаңадан орнатылып жатқан трансформатордың жұмыс барысын бақылады.
Өтініштерінің дер кезінде шешімі табылғаны жөнінде ауыл қариялары аудан басшыларына алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...