САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдау барысында Қарамұрт ауылдық округіндегі «Бау-бақша» өндірістік кооперативінің мүшелері тұрғын үйлерін коммуналдық жүйелермен қамтамасыз ету, тұрғын үйлері мен жер учаскелерін заңдастыру, сонымен қатар аумақты ауыл округіне қосу мәселесі бойынша туындаған келіспеушіліктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұранды.
Қарасулықтар Ақбай ауылында электр қуаты жоғары трансформатормен ауыстыру және Қарасу ауылында Шымкент қаласына кететін магистралды ауыз су құбырының үстіне заңсыз салынған тұрғын үй құрылысын соттың шешіміне сәйкес бұзуды тоқтатуға ықпал жасауды өтінді.
Соңғы кезекте Қарабұлақ ауылының тұрғыны тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторларды жаңалау, тұрақты ауыз су жүйесімен қамтудың қажеттілігін назарына жеткізді.
Бахытбек Сембекұлы заңға сәйкес, аталған өндірістік кооперативтің ішкі мәселесіне жергілікті атқарушы органдардың араласуына және бюджеттен қаржы қарауға құқы жоқ екенін түсіндіріп, барлық мүшелелердің бір шешімге келіп, Қарамұрт ауылдық округіне қарасты елді мекеннің шегіне өтуді ұсынды.
Мұнан кейінгі мәселелердің ішінде электр жарығына қатысты алдағы уақытта қаржы қаралып, оң шешімі қарастырылатыны, заңсыз құрылыс бойынша сот орындарына талап арыз жазу керектігі, ауыз су бойынша сараптамадан өткізу үшін тиісті құжаттары ұсынылғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...