САЙРАМ: КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ БЕТІ МЕН ШАТЫРЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ СҰРАНДЫ

САЙРАМ: КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ БЕТІ МЕН ШАТЫРЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ СҰРАНДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев Ақсукент ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері қатысты.
Ақсукенттіктер Ақсукент-2 ауылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ішінде 2 үйдің шатырлары мен қас беттерінің тозығы жетуіне байланысты, қажет ететін жөндеу жұмыстарына бюджеттен 35 млн. теңге көлемінде қаражат қарастыруды сұранды.
Мадияр Мұхтарұлы тиісті бөлімге ауылдық округі әкімі аппаратымен бірлесе отырып, нысандарға зерделеу жүргізіп, заңға сәйкес көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...