САРЫАҒАШ: АУДАН БАСШЫСЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫАҒАШ: АУДАН БАСШЫСЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Кездесу барысында аудан басшысы наурыз айында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
- Бүгін өздеріңізбен арнайы жүздесіп, маңызды мәселелерді талқылау үшін келіп отырмын. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз, – деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына электр энергиясы және табиғи газбен қамтамасыз ету, асфальт төсеу, аяқ жол салу, жарықтандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...