ТҮЛКІБАС: ЖАСКЕШУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮЛКІБАС: ЖАСКЕШУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге Жаскешу ауылында болып, округ тұрғындарымен еркін форматта кездесті.
Басқосуда ауыл ақсақалдары округ аумағындағы өзекті мәселелерді аудан басшысына жеткізіп, оның шешу жолдары талқылады.
Нұржан Жақсылықұлы сол жерде әр мәселені жауапты мамандармен жеке-жеке талдап, заң аясында шешу жолдары мен мерзімін белгіледі.
Ауыл ақсақалдары арнайы келіп, округ тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелерге құлақ асқан аудан басшысына алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.
Жиыннан соң аудан басшысы С.Сейфулин мектебін аралап, бүгінгі жағдайымен танысты.
1964 жылы бой көтерген мектептің қосымша ғимараты аппаты деп танылған. Күн санап халық санының артуына байланысты бүгінде мектеп қосымша ғимаратты қажет етеді.
Аудан басшысы өзекті мәселені ескере келе жауапты бөлім басшысына ескі мектеп ғимаратының орнына жаңа нысан соғуға тиісті құжаттарды тездетіп әзірлеуді тапсырды. Ал, бас ғимаратының қас бетін балалардың жазғы демалысы кезінде жөндеуден өткізу керектігін ескертті, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...