ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ҚАРИЯЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ ҚАРИЯЛАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Ауданымызда елді-мекендер арасындағы жолдар мен ауылдардың ішкі көшелеріндегі жолдарды жөндеуге, күтіп ұстауға, кем-кетіктерін уақытында жөндеп отыруға ерекше мән беріліп келеді.
Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге аудан орталығындағы И. Жүсіпбеков көшесінде болып, жолды кеңейту мәселесі бойынша ауылдық округ әкімі Қайрат Ахметовке нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар, Кемербастау ауылдық округына қарасты Жәрімбетов, Алғабас және Елтай ауылдарын аралап, елді-мекендердің жай күйімен танысты. Тұрғындар тарапынан көтерілген жол жиегін кеңейту, ағын су ағатын науаларды ретке келтіру, аяқ жол салу, мәдениет үйін тұрғызу, ауыз судың ескірген құбырларын жөндеу секілді бірқатар мәселелерді талқылап, оларды заң аясында кезең-кезеңімен шешу жолдарын саралады.
Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы аталған мәлелер бойынша “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ұсыныс хаттарды жолдау мен қажетті құжаттарды даярлауды ауылдық округ әкімі мен жауапты мамандарға тапсырып, Елтай ауылындағы бұлақ басында сенбі-жексенбі күндері сенбілік акциясын ұйымдастырып, ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп ішімдік қалдықтары мен күл-қоқыс тастайтын азаматтарды жауапкершілікке тартып рейдтік шаралар ұйымдастыруды ауыл әкіміне жүктеді. Аудан басшысының ауылдарды аралап, мәселені өз көзімен көріп, шынайы ықылас танытқаны үшін ауыл ақсақалдары батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...