НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық орта арнаулы оқу орындарында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілді.
Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжіне барып, арнайы іс-шараға қатысты.
Дәріс барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жасөспірімдердің қатысуымен жасалып жатқан құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, ол үшін белгіленген жауапкершілікті ескертті.
Ал, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Бүгінде қалалық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...