ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУ ҮСТІНДЕ

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУ ҮСТІНДЕ

Түркістан облысының аудан және қала әкімдерінің жергілікті тұрғындармен кездесуі бекітілген кесетеге сәйкес өтіп жатыр. Облыс орталығының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті рет «Сауран» секторының тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар жарықтандыру және қала тазалығы бойынша мәселелерді қозғап, үйлерінің аулаларында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Нұрбол Тұрашбеков қаланы дамыту жолында тұрғындарды бірге жұмыс атқаруға шақырды.
– Сіздер айтыңыздар. Біз жоспарлап, жүзеге асырайық. Ақылдасу – тірліктің ақсауына жол бермейді. Қаланың дамуына белсенділікпен, жанашырлықпен сіздерді де атсалысуға шақырамын, – деді қала басшысы.
Тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Қала әкімінің сәуір айындағы аталған сектор тұрғындарымен кездесуінде бірқатар мәселелер көтеріліп, тиісті бөлімдерге 133 тапсырма жүктелген еді. Бүгінде оның 116-сы жүзеге асырылып, 17 тапсырма орындалу үстінде. Тапсырма бойынша 22 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төселсе, 31 көшеде жарықшамдар орнатылып, кезең-кезеңімен іске қосылуда. Одан бөлек, 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 24 аялдама орнатылды. 9 шақырымды құрайтын 10 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.
Инфрақұрылым жүйелерін жақсарту бойынша 110 шақырымдық ауыз су желісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының 75% жұмысы атқарылды. 9 дана трансформатор күрделі жөндеуден өтіп, Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелерінің бойында 10-0,4 кВ кабель желісі құрылысы жүріп жатыр.
I және II мөлтек аудандарына ауқымды абаттандыру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар секторда тұрғындар жайлылығы үшін екі демалыс орны: Төле би,«Отбасы» саябағы салынып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, мектеп тапшылығын азайту мақсатында Баянауыл елдімекенінде 900 орындық мектеп құрылысы басталады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...