БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 92 ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 92 ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының ауылдық елді мекендерді заман талабына сай сапалы интернет желісімен қамту бойынша тапсырмасы аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағындағы барлық елдімекендерге, оның ішінде 826 ауылдық елді мекен мен 7 қалаға интернет сапасын анықтау мақсатында талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша 655 ауылдың 438-і 3G және 217-сі 4G мобильді интернет желісімен қамтылғаны анықталды.
Жалпы, 1 942 542 тұрғын интернет желісімен қамтылған. Облыс халқының санына шаққанда интернетпен қамтылу деңгейі 93%-ды құрайды. Қалған 145 968 тұрғыны бар 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Оның ішінде 116 ауылдық елді мекен 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған, ал қалған 62 ауылдық елді мекенде байланыс мүлде жоқ. Аталған 62 ауылдық елді мекеннің 43-і министрлікпен айқындалған критерийлерге (халық саны 250 астам болуы қажет) сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартқан. Қалған 19 елді мекенді алдағы уақытта ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталып жатыр.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін 135 ауылдық елді мекен бар. Биыл Түркістан облысы бойынша 30 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станция орнату және 62 ауылдық елді мекеннің базалық станциясына жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілді.
Қазіргі таңда жыл басынан бері 19 ауылдық елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 13-інде базалық станциясына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарды сапалы интернет желісімен қамту жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...