САЙРАМ: ҚАРАСУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА

САЙРАМ: ҚАРАСУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА

Бүгін қарасулық тұрғындар ауылдағы ауыз судың келмей жатқандығын айтып мәселе көтерген болатын. Себебі, екі күннен бері Қарасу ауылындағы су сақтау орнындағы су сорғыш құрылғысы (насос) бұзылған.
Аталған мәселе негізінде аудан әкімі Арман Сәбитов жауапты мамандарды жинап, шұғыл тапсырма беріп, бақылауға алды. Нәтижесінде дер кезінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда Қарасу ауылына тұрақты ауыз су берілуде, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Сондай-ақ, тұрғындардың көтерген мәселесі бойынша ауданы басшысы ауыл азаматтарымен кездесіп, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады. Оның маңызды – ауыз судың жиі өшуі болса, тағы бір мәселе Жаңақұрылыстағы 50 га аумақта инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы жайында. Яғни, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта мердігер мекеме тарапынан 8 көшеге су құбырына, 5 көшеге газ жүргізу жүйесіне қазу жұмыстары қолға алынған. Бұл бойынша да тұрғындардың талабына сәйкес, тиісті тапсырмалар берілді.
-Су – тіршілік көзі. Шілденің ыстығында сусыз отырған тұрғындардың ызалануы заңдылық. Ал бұндай мәселелерді шешу біздің жұмысымыз әрі міндетіміз. Сондықтан да, қандай да бір мәселе болса менің есігім тұрғындар үшін қашанда ашық. Бірлесіп жұмыс жүргізуге дайынбыз,-деді аудан әкімі А.Сәбитов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...