САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЕРКІН ФОРМАТТА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЕРКІН ФОРМАТТА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округіндегі демалыс орталығында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев аудан жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Шарада ауыл жастарының тұлғалық қабілеті, мамандық таңдау, өзін-өзі тану, көшбасшылық, қоғаммен байланыс бағыттарын дамытуға арналған «Тұлға» әлеуметтік жобасының қорытынды кеші ұйымдастырылды. Жиында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев сөз сөйлеп, кездесуді ашып берді.
“Бүгінгі сіздермен арнайы кездесіп, еркін форматта жүздесіп отырмын. Жастардың бойынан тың идеяларын тыңдап, оларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірмін. Бүгін сіздерден тың идеялар мен ұсыныстар шығатынына сенімім зор. Сондықтан қоғамда «Жастар қоғамның қозғаушы күші» екенін айтқым келеді. Ауданның «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары игілікті істің басы қасынан табылып, ауданның өркендеуіне атсалысады деп сенім білдіремін”, - деді Ғалымжан Қарабайұлы.
Бүгінгі таңға аталмыш жоба аясында Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Жүйнек ауылдық округтерінде 200-ден астам жастың қатысуымен семинар-тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, ауданның дамуына үлес қосып жүрген жастарға арналған бейнероликтер әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Шара барысында жастардың қолынан дайындалған көрме көпшілікке ұсынылса, жас домбырашылардың қатысуымен күй ойналды. Жобаны ұйымдастырушы кештің спикерлері Самат Сүлей мен Рухабза Халдарбек жиынды жүргізіп, сұрақ-жауапқа ұласып, шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, белсенді жастарға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев алғыс хаттар мен «Дара Ұрпақ» медиа академиясына оқуға арнайы сертификаттар тапсырды.
Сауран ауданында 14-35 жас аралығындағы жастардың саны – 33030 адамды құрайды. Аудан бойынша жұмыссыз санатына жататын жастар саны қазіргі таңда 356 азаматты құрап отыр. Осыған орай, жұмыссыздық деңгейін жою мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» аясында 2023 жылға жастар практикасына - 97 азамат, алғашқы жұмыс орындарына - 57 азамат, мемлекеттік грант бойынша 20 азамат жұмыспен қамтылған. Жастарға арналған 2,5% несие бойынша 28 азамат жоспарланып, 7 азамат жұмыспен қамтылып отыр, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...