СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 29 ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 29 ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жыл басынан бері тұрғындармен 29 жеке қабылдау өткізді. Азаматтар, негізінен жұмысқа орналасу, жер телімін алу, әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау барысында бірқатары оң шешімін тапса, кейбір мәселелерге заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ аудандағы шағын елді мекендерді аралау барысында, жеке қабылдаулар өткізілді. Ауыл, кент округтер мен елді мекендердегі кездесу барысында тұрғындар сұранысына сай жобалар қолға алынып, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыз су сынды бірқатар мәселелер оң шешімін тауып, кезең-кезеңімен орындалып келеді.
Айта кетейік жалпы жыл басынан бері 29 жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдауға келген 21 азаматтың мәселесі шешіліп, 33 азаматтың мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда тұрғындар көтерген түрлi мәселелер мен олардың шешiлуiне ықпал ету күн тәртібінен түспек емес. Халықтың сұранысы басты назарда, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...