СОЗАҚ: ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН ӘБДИЕВ АУДАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

СОЗАҚ: ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН ӘБДИЕВ АУДАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін ауданға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиев іс-сапармен келді.
Мәжіліс депутаты бірінші кезекте аудан орталығындағы Жастар ресурстық орталығында болып, жастармен кездесті. Жиын барысында парламентте атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, мемлекеттен грант алып, өз кәсібін ашқысы келетін бірқатар жас азаматтар көкейде жүрген сауалдарын жеткізді. Мәжіліс депутаты өз кезегінде жастар арасында жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды тарқата айтып, кәсіп ашамын деген азаматтарға көптеген қолдаулар болып жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, депутат «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, онда мүгедектігі бар азаматтармен кездесті. Кездесу барысында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, жиынға қатысушылар ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы айтылған ұсыныс-пікірлерді толықтай назарға алып, қойылған сұрақтар бойынша тиісті министрлікке депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...