Н.ІЗТІЛЕУОВ: ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ 2-3 ЖЫЛҒА БӨЛІНІП КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

Н.ІЗТІЛЕУОВ: ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ 2-3 ЖЫЛҒА БӨЛІНІП КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жоспарланған есептік кездесуі Жаскешу ауылдық округінде болып өтті.
Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев , сол округтен сайланған депутат пен дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімінің аудан және округ кесіндісінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қысқаша баяндамасынан соң жиынның басым бөлігі сұрақ-жауап форматында жалғасты. Тұрғындар көкейлерінде жүрген ауыз су мен ағын су, жайылым, жол, ескірген бағаналарды ауыстыру, көшені жарықтандыру, білім және жер қатынастары саласына қатысты мәселесімен жүгінді. Аудан басшысы әр мәселені жеке-жеке талдап, Заң талаптарына сай шешу мақсатында жауапты мамандар және ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді. Кейбір мәселені ауыл әкіміне демеушілер есебінен іске асыруды тапсырды.
Нұржан Жақсылықұлы көтерілген барлық мәселені бірден шешу қыруар қаржыны талап ететінін, оған ауданның 1 жылға жоспарланған бюджетінің жетпейтінін тілге тиек етіп, мәселелер өзектілігіне қарай алдағы 2-3 жылға жоспарланып, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады деді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...