ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, аудан әкімі Азизхан Исмаилов Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекені мен Қарабау ауыл округі Жұмысшы елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, оқу ісі жөніндегі мәселелер, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу, жол кедергісін орнату және жер мәселелері төңірегінде сұрақтар мен өтініштер айтылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы заң аясында толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.
Аталған ауыл округі тұрғындары көкейлеріндегі барша сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, ауыл ақсақалдары аудан әкімі мен барша қызметкерлерге ел атынан алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...