СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

СОЗАҚ: АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдады.
Жиынға бірқатар ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Аудан басшысының қабылдауына ауыл, кент округтерден 15 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келгендердің біразы тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінсе, біршама азаматтар жұмыс және әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Қабылдау барысында әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап беріліп, тиісті сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәселе бойынша жүгінген тұрғындарға көмек беру үшін бар мүмкіндікті пайдаланатынын айтып өтті. Бұл жөнінде жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктеп, орындалу барысын бақылауда ұстайтынын айтты, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Теңіздегі су көлемінің 18,9-дан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғаюы Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...