Бүгінгі күнде екі бірдей мейрам бар

Бүгінгі күнде екі бірдей мейрам бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы-өте көп қырларды қамтыған нақты тапсырмалар мен жаңа міндеттемелерді жүктеді. Ол тек үкімет пен парламент депутаттарына ғана емес, дамушы елдің айбынды жастарына да артылған жауапкершілікті сезіндірді. Қазақстанның 3/1 жастар қамтитын болғандықтан сапалы кадр шығуы, қазіргі көтеріліп жатқан бағыттардың ұзақмерзімде орындалуы да бізге тікелей байланысты. Тағы да айтып кететін жайт, ЖОО техникалық мамандықтарға акцент қоюдың маңыздылығы жайлы да президент атап өтті. Менің көзқарасымда жолдауда көтерілген маңызды мәселелер бірі қазіргі уақыттағы жасанды интеллекттің ықпалы. Яғни бұл ғасырда «Адамның орнын жасанды интеллект баспайды, жасанды интеллекті пайдалана алатын адам басады» сөзі актуалдығын жоғалтпайды. Өйткені жасанды интеллектті оңтайлы пайдалану арқылы көптеген елдер өз экономикасын көтеріп жатыр. ChatGPT, Meta Әлем сынды жаңа технологиялар адам өмірін әлдеқайда жеңілдетіп, заман талабына айналуда. Ал заман талабына икемделе отыра, өз идентификациясын сақтай қалу-прагматизм белгісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, тек мегаполистерде ғана емес көп ескерілмей қалып жатқан аймақтарда да «Астана хаб» тәжиірбесін, схемасын кеңінен қолданысқа енгізуге жағдай жасау жоғарыда аталып өткен жастардан сапалы кадр дайындауға, инновациялық дамуға үлкен мүмкіндік болушы еді. Себебі жастар арасындағы тек жұмыссыздық деңгейін төмендетуге емес, креативті экономика деңгейі көтерілуші еді. Аталып өткендей жасанды интеллектті эффективті пайдалана алу экономиканы көтеру катализаторларының бірі.
Сонымен қатар, болашаққа жасалып жатқан үлкен нақты қадам бірі жаңа министрліктердің, атап айтқанда:«Су және иррагация»,«Көлік» министрліктерінің болашағына үлкен сенім білдіремін. Өйткені қазіргі бюрократия әсерінен жалпы министрліктермен қосылып маңызды қоғамның қажеттіліктері ескерілмей қалып келді. Енді нақты жауап беретін министрліктің болуы ашықтыққа алып келеді деп сенемін.

Қорыта айтқанда бүгінгі күнде екі бірдей мейрам бар. Бірі білім күні болса, екіншісі сол білімді қайда пайдалануға бағыт-бағдар берген мемлекет басшысының халқына Жолдауы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...