СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ОЙЫН АЛАҢЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

СОЗАҚ: ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ОЙЫН АЛАҢЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қаратау ауылында салынып жатқан заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңы қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі. Ауылдық аурухананың техникалық құрал-жабдықтары заман талабына сай жаңартылды. Сондай-ақ ауылдық округ шалғай орналасқандықтан өрт сөндіру көлігі берілді. Бұдан бөлек, Қаратау ауылында 1,4 шақырымды құрайтын Қалмырзаұлы көшесіне көше жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, Стамбекұлы көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралды.
Сонымен қатар, мұнда қосымша ұңғыма құдық қаздырып, ауыз суды 24 сағат тұрақты беру үшін тиісті шаралар атқарылуда. Саржаз елді мекеніне жазғы ойын алаңшасы салынып, атауы жоқ №1 көшесіне, Ақсүмбе елді мекенінен Қалмырзаұлы және Сапарбай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осылайша Қаратау ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.
Аудан басшысының есептік жиынына бөлім, мекеме басшылары мен сала мамандары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Теңіздегі су көлемінің 18,9-дан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғаюы Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...