САУРАН: ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

САУРАН: ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев есепті кездесуін Жібек жолы ауыл округінің тұрғындарымен жалғастырды. Әкім Жібек жолы ауыл округінде атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Сауран елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнатылады.
Жібек жолы ауыл округіне қоқыс полигонының аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
30-разъезд елді мекеніндегі Т.Ерімбетов көшесі ораташа жөндеуден өтеді.
Жібек Жолы ауыл округінде әкімшілік ғимаратының құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Аудан басшысы есептік баяндамасынан соң тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Аудан орталығынан ардагерлер үйін ашу, балалардың жаздық лагерін ұйымдастыру, байланыстың нашарлығы, аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көлік, жарықтың нашарлығы. Тұрғындар талабы бұл. Ауылға медициналық пункт керек. Дәрігер де тапшы.
Кездесу барысында аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы: - Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сол міндеттерді орындау халықтың талап-тілегіне сай жұмыс атқару, еліміздің көркейіп, дамуына нақты ісімізбен жауап беру-басты мақсатымыз. Ең бастысы оның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруы үшін жасалуда, – деді.
Сонымен қатар, аудан әкімі жиын соңында тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуы, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болатынын, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...