ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» - «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті.

Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты.

Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.
— Сайрам қалашығынан басталған экосенбіліктің мақсаты — тарихи, киелі орындарды жастарға насихаттау, оларды келешек ұрпаққа сақтап қалу. Киелі жерлер болғандықтан ұдайы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор іс-шара қала жастарына, туристерге зор серпін береді, — деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, 250-ден астам қала жастары, волонтерлер, зиялы қауым өкілдері тазалық іс-шарасына белсене үлес қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...