КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕНІҢ БАСЫНА БАРДЫ

КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕНІҢ БАСЫНА БАРДЫ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жергілікті ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Аудан басшысының Абай ауылының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар Араншы арығының бойын абаттандыру, тазалық мәселесін көтерген болатын.
Аудан әкімі жыл басында Абай ауылын толық аралап шыққанын, бұл мәселеден хабардар екенін айтып, аталған арықтың жағалауын абаттандыру шаралары жоспарға еніп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жағалауда тағы да жергілікті тұрғындармен кездесу болатынын жеткізді.
Бүгін аудан әкімі жергілікті тұрғындармен Араншы арығының жағалауын абаттандыру бағытында кеңес өткізді. Олардың пікірін тыңдап, алдағы жоспарды пысықтады. Қоқыс тастаушыларға қарсы күрес күшейетінін атап өтті.
- Осы көшеде өзіміз тұрамыз, өзіміз жүреміз. Балаларымыз ойнайды. Дегенмен жиналған қоқысты күнде көреміз. Жауаптылар тазалап кетеді. Ертесіне тағы тұрады. Оны тастайтын бөтен емес, өз арамызда жүр. Ендігі кезекте қоқыс тастайтындармен қоғам болып күресіп, мәселені шешу ге атсалысамыз. Сіздерден сұранарымыз осы аймаққа түнгі жарықтандыру шамдарын орнатып берсеңіздер, - деді көше биі Сәуле Апсикова.
Аудан басшысы тұрғын сұранысын қанағаттандыру бағытында жауаптыларға тапсырма жүктеп, қоқыс тастаушы азаматтарға айыппұл салу бойынша жұмыстар жанданып, оларды заң талаптарына сай бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әшкереленітін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...