КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТАДА ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТАДА ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде жергілікті азаматтар аудан басшысынан Бесқұбыр елді мекеніндегі емхананы жаңартып беруін сұранған болатын. Нәтижесінде аудан басшысының тапсырмасымен Бірінші Мамыр жалпы орта мектебінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, емхана қызметкерлері сол ғимаратқа көшірілді. Бұл туралы аудан басшысының қошқаратылқтармен ІІІ тоқсандағы кездесуінде айтылды.
Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінің құрамында 13 ауыл болып, жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыру бағытында ауқымды шаралар атқарылып келеді. Ағымдағы жылы аталған округтің 8 ауылына табиғи газ берілген болса, Қарабура ауылының басты магистралына жақын күндері көгілдір отын берілмек. Сонымен қатар, Жамбыл-2 және Қошқарата ауылдарында жаңадан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталса, Алғабас елді мекенінде жаңа спорт алаңшасы қолданысқа берілді.
Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің (5,5 шақырым) орта жөндеу жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында, «Түпқараған» және «Достық СпецТранс» ЖШС тарапынан тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кездесу барысында тұрғындар көкейіндегі сауалдарын аудан әкіміне жолдап, нақты жауаптарын алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...