САЙРАМ: А.СӘБИТОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕ ДИАЛОГ ОРНАТУ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

САЙРАМ: А.СӘБИТОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕ ДИАЛОГ ОРНАТУ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

Аудан әкімі Арман Сәбитовтың төртінші тоқсандағы ауыл тұрғындарымен кездесуі Арыс ауылдық округінде жалғасты.
Тұрғындар Нұржанқорған елді мекені,
Атамекен көшесіндегі 20,8 га жерге жиналды. Аталған аймақта орналасқан тұрғын үйлердің маңындағы электр бағаналарын ауыстыру бойынша мәселе көтерілді. Аудан әкімі Арман Сәбитов үстіміздегі жылы аталған мәселе бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Қожақорған, Нұржанқорған ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ дайындалғанын, сараптама қорытындысы шықса бюджетке жіберілетіндігін түсіндірді. Келер жылы жоспар бойынша ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары басталуы тиіс.
Бұдан басқа, Қожақорған елді мекені, С.Юсупалиев көшесіндегі 31,9 га жерде орналасқан тұрғын үйлерге трансформатор және электр бағаналарын ауыстыру сынды проблемалар айтылды. Аудан әкімі Арман Сәбитов аталған көшеде осы айда 1 трансформатор және 11 бағана ауыстырылатынын айтты. Мердігер мекеме бұл жобаны «Мега Сервис» 3 млн 355 мың теңгеге жүзеге асыратын болды.
Аудан басшысы алдағы уақытта тұрғындардың тілегі кезең-кезеңімен іске асатынын айтып, ауыл халқын қуантып қойды. Сонымен қатар, тұрғындарды толғандырған мәселе диалог орнату арқылы шешілетіндігін жеткізіп, ауылды көркейту үшін аудан халқын бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...