САЙРАМ: БҰҚАРАМЕН БАЙЫПТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

САЙРАМ: БҰҚАРАМЕН БАЙЫПТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізуде. Бүгін аудан басышысы 5 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке сауалдардың басым бөлігі жер мәселесі, қайтарымсыз грант немесе мал қорасын заңдастыру бағытында болды.
Қабылдауға жазылған Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғыны қайтарымсыз грант мәселесімен жүгінді. Оның айтуынша, «Ұлттық жоба» аясында 1.3 млн. теңгені алуға комиссия отырысының мүшелері бас тартқан. Комиссия құрамы грантқа үміткер азаматшаны грант беру қағидаттарына сәйкес келетін осал топқа жатпайтынын жеткізген. Бұл ретте аудан әкімі сала мамандарына кәсібін жаңа бастап жатқан азаматтарға қайтарымсыз грант алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айтарлығы сол, қабылдауда әр азаматтың өтініші елеусіз қалмайды. Осы уақытқа дейін аудан әкімі 100-ге жуық адамды жеке өзі қабылдаған. Мәселелердің көпшілігі шешімін тапты.
Айта кетейік, бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов төртінші тоқсандағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі басталғанын хабарлаймыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...