САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 19 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегі, қайтарымсыз несие, әлеуметтік көмек және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Сонымен қатар,аудан әкімі қабылдау тізімінен тыс келген тұрғындарды тұрғын үй кезегі мәселесі бойынша аудан әкім аппаратының бірінші қабатында қабылдады.
Аудан басшысы әрбір мәселеге жеке-жеке талқылау жасап шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

О развитии социальной инфраструктуры рассказал на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций Алматы аким Турксибского района Дамир...

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...