ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» — деп айтылған жарлығына сәйкес, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай Алатау батыр,Ұзыната,Көксу және Қоссейіт ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындардың сауалдарын жеке-жеке тыңдап, ауылдардағы қордаланған мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ, жан-жақты жауап беріп, мәселелерді шешу бойынша толыққанды жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
— Әр ауылдық округдегі қордаланған мәселелерді жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Жол төсеу, ауыз су, ағын су, құрылыс, жарықтандыру секілді жасалауға тиісті жұмыстарды ауыл әкімдері жыл басынан бастап сіздермен ақылдасып, тиісті нысандардың сметасын жасаса ауданнан, облыстан немесе республикадан қаржы бөлдіру бойынша барынша жұмыс істейтін боламыз.
Мақсатымыз халыққа есеп берген кезде құр сөзбен емес, нақты іспен нәтижеге жұмыс жасау.
Сондықтан бірінші кезекте ауыл әкіміне тиісті ұсыныстарыңызды айтып, тығыз жұмыс жасасаңыздар. Бұдан бөлек, біз тоқсан сайын өздеріңізбен кездесіп, мәселелерді ортаға салып, оны шешу бойынша тиісті жұмыс атқарамыз»- деді Қайрат Жолдыбай.
Сонымен қатар әр ауылдық округтегі кездесуден кейін жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады.
Айта кетсек, аудан әкімі 2023 жылғы 14 қыркүйек күні Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауыларының және Шардара қаласының тұрғындарымен кездесетін болады.
Құрметті аудан тұрғындары, көкейіңізде жүрген өзекті сауалдарыңызды кездесулер барысында айтып, мәселелерді біргелесіп шешуге шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...