ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға таза, сапалы су берілді.

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, қараспандықтарды алда келе жатқан айтулы мерекемен құттықтады.

– Ұзақ жылдар бойы құдық суын тұтынып келген ауылдастардың қуанышы құтты болсын. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар әліде жалғасын табады. Еліміз үшін орны бөлек Республика күні қарсаңында аулаларыңызға таза су құбыры тартылып отыр. Алдағы уақытта ауылды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын да жеделдетіп аяқтаймыз, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, Бейсен, Мақташы ауылдарына ауыз су жүргізу жұмыстарын мердігер «Жылуэнерго ремонт» ЖШС 2021 жылы бастап, биыл пайдалануға беріп отыр. Нәтижесінде жеке-жеке Бейсен ауылындағы 400-ге тарта, Мақташыдағы 982 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...