ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті.

2022 жылы бастау алған «Ұстаз барысы» сайысы биыл екінші рет өтіп жатыр. Жарысқа 7 салмақ бойынша іріктелген 17 аудан-қаланың жеңімпаздары қатысты. Жарысқа келгендердің арасынан ең үздігіне «Ұстаз барысы» атағы берілді.

Педогогтар арасында өткен бәсекеде 60 келі салмақ бойынша сарыағаштық Жаңабай Қошқаров алтыннан алқа тақса, 66 келі салмақ дәрежесінде ордабасылық Асқар Арыстанбек жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, 74 келі салмақта Созақ ауданының абыройын арқалаған Зубайра Дінмұхамед бірінші орынға жайғасса, 82 келі салмақ бойынша Кентау қаласының өкілі Мұқағали Болысбек алтыннан алқа тақты. 90 келі салмақта мақтааралдық ұстаз Заир Заиров жеңімпаз атанса, 100 келі салмақта отырарлық Айбатыр Құрманов көш бастады. 100 келіден астам салмақ бойынша сынға түскендердің көшін ордабасылық Асқар Төреқұлов түйе балуан атанды. Жарыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...