Алматының 52 мектебінде балалар мен спорт алаңдары модернизацияланды

Алматының 52 мектебінде балалар мен спорт алаңдары модернизацияланды

Алматының білім беру ұйымдарында жаңа спорт алаңдары модернизациялануда әрі салынуда. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың спортпен шұғылдануына жақсы жағдай жасау және жалпы олардың дене шынықтырумен қамтылуын арттыру мақсатында жасалады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі.

Бүгінде бюджет есебінен қаланың 46 мектебінде спорт алаңдары модернизацияланды. 2021 жылы 31 мектепте, 2022 жылы 15 мектепте модернизациялау жүргізілді. Ағымдағы жылы спорт алаңдарын модернизациялау 19 мектепте жүргізілуде, оның 6- да жұмыстар аяқталды.

Модернизациялау барысында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, workout-аймақтар жаңадан салынады, жүгіру жолдарының резеңке жабыны, баскетбол қалқандары, волейбол тіректері, футбол қақпалары, гимнастикалық құрылымдар мен орындықтар жаңарды.

Әрбір спорт алаңы бойынша жеке есептеулер жүргізіліп, эскиздік жобалар әзірленді. Мектеп жанындағы спорт алаңдарының географиялық ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктері ескерілді.

Осылайша, Алматы әкімдігі ҚР Үкіметінің «Денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асырады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...