ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы Азия чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады. Ләззат Тәжиева атындағы №4 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Нью-Кларк-Сити қаласында өткен суға жүзу спортына қатысып, Максим Сказобцов 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, ал Даниил Черепанов 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль ұлттық құрама қоржынына алып келді.
 
Басқарма басшысы мен Суға жүзу спорты федерациясының президенті Қозбахов Шыңғыс спортшыларды құттықтап, арнайы ақшалай сыйлықтарды табыстады. Сондай-ақ, өз алғыстарын білдіріп, алда болатын додаларда сәттілік тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңындағы кездесуде Қазақстанның цифрлық даму бағытын...