ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ҮЗДІК АТАНДЫ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ҮЗДІК АТАНДЫ
Алматы қаласында үстел теннисінен 2009 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
 
Аталған чемпионатқа еліміздің барлық 20 облысынын 260 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
 
Атап айтқанда:
 
Ұлдар жекелей есепте:
1-ші орын - Сәурбай Бақдәулет;
 
Аралас жұптық разрядта:
1-ші орын - Сәурбай Бақдәулет;
 
Қыздар жекелей есепте:
2-ші орын - Амангелді Ақниет;
 
Қыздар командалық есепте:
2-ші орын - Шымкентбай Руана, Амангелді Ақниет, Адильгереева Айназ, Қосар Томирис, Камилжанова Ойдин;
 
Аралас жұптық разряд:
2-ші орын - Амангелді Ақниет;
 
Қыздар жұптық разряд:
3-ші орын - Шымкентбай Руана;
3-ші орын - Қосар Томирис;
 
Жалпы командалық есепте:
Шымкент қаласы - 1 орын;
Қарағанды облысы - 2 орын;
Түркістан облысы - 3 орын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде...

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...