Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған

Шымкентте жол жөндеген мердігер компанияларға 68 рет айыппұл салынған. Полицейлер жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегенін және айналаны ластағанын анықтаған, деп хабарлады  қалалық ПД баспасөз қызметі.

«Биыл жыл басынан автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген. Кешенді тексеру нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 458 ұйғарым жолданған. Ал мердігер компанияларға 70-ке тарта әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 147 мектептің алдындағы жолдарды зерделеген. Ондағы сызылған жаяу жүргіншілер жолақтарын қайта жаңартқан», - деп жазылған хабарламада.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...