Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте ер адам үшінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен. Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірді, деп хабарлады  қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Германияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) бағдарламаларының жетекшісі Каролина Милов Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша...