Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады

Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады

Бұл туралы Алматының Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің I-ші отырысында айтылды.

«Ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету және қолдау мақсатында шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 8 ауданында мектепке дейінгі ұйымдар базасында ерте араласу қызметтерін ашу жоспарлануда. Бұл қызметтің құрамына 56 маман кіреді: трансдисциплинарлық маман, даму педиатры, психолог, арнайы педагог, сенсорлық интеграция жөніндегі маман, логопед, кәсіби терапевт», — деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Ерте араласу орталығы ведомствоаралық өзара іс-қимыл органына айналады. Сол арқылы тиісті қызметтердің қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарланады. Оның негізгі міндеті — тәуекел тобындағы және мүгедектігі бар балалардың бірыңғай дерекқорын құру, сондай-ақ қажетті қызметтерді алудың қадамдық процесін жолға қоюға септігін тигізеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы, деп...

  21 октября 2026 года на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП «Атамекен» под председательством Каирбека Сулейменова...