ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Келіссөздер кезінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ түрік инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылып отырған жобаларды қарастырды.
Біздің басты мақсатымыз - Шымкентті тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар бизнес жүргізуге де жайлы мегаполиске айналдыру. Бұл ретте біз инвесторлармен нәтижелі ынтымақтастықты нығайтуға тырысамыз – деді Ғ.Сыздықбеков.
Шымкент пен Түркияның Измир, Эскишехир және Адана қалалары бауырлас қалалар болып табылады.
Бауырластық қарым-қатынастар өзара іскерлік және қаланың мәдени әлеуетінің артуына ықпал етеді.
Серіктестерге алғысын білдіріп, мемлекеттік қолдау шаралары аясында алдағы уақытта Түркия Республикасының қатысуымен ортақ жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня в Шымкенте под председательством заместителя Премьер-министра – Министра культуры и информации РК Аиды Балаевой прошло совещание по вопросам создания...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан халқына» қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді, деп...