Энергетика министрлігі: Су тасқынының салдарын жоюға қажетті барлық материалдар бар

Энергетика министрлігі: Су тасқынының салдарын жоюға қажетті барлық материалдар бар

Ауқымды су тасқыны орын алған өңірлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13-ке дейін азайды.

«Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін өтінімдер бойынша қосылатын болады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман, 2 145 арнайы автотехника тартылды. 414 мобильді электр энергиясы көзі бар.

«Жақын арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан астам электр беру желісін қалпына келтіру қажет. Зардапты жою үшін барлық қажетті материал бар», — деп түйіндеді энергетика министрі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....