Елімізде ана мен бала өлімі азайды

Елімізде ана мен бала өлімі азайды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, елімізде нәресте өлімінің көрсеткіші 7,2%-ға төмендеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният төрағалығымен өткен нәресте өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтылды.

Ажар Ғиният 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада оң динамика байқалып, нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендегендігін атап өтті. Вице-министр келтірген деректерге қарағанда, 2019 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 8,40 болса, биыл 7,79, ал 2020 жылға нәрестелердің өлім-жітім индикаторының нысаналы мәні ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 10,1 құрайды.

Сондай-ақ, балалар өлім-жітім көрсеткіші өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16,8% -ға төмендеді және тірі туған 1000 балаға шаққанда 2019 жылғы 10,7-ге қарағанда 8,9-ды құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...