Безос Илон Масктен озды

Безос Илон Масктен озды

Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері бойынша, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск сейсенбіде әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға ие болды. Бірінші орынға Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос орналасты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Безостың байлығы 191 миллиард долларды, ал, Масктің байлығы 190 миллиард долларды құрайды.

Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін 1-орында келе жатқан Илон Маскты басып озып, алғаш рет рейтингте көш бастады. 

Байлар рейтингісінің үшінші орнында Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланды. Тізімдегі төртінші орынға Louis Vuitton moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард) жайғасты. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 104 миллиард долларымен әлемдегі ең бай бес адамның тізіміне кірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысындағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге...

Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить необходимую...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру...

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама...