NASA жоғары сападағы Марс панорамасын жариялады

NASA жоғары сападағы Марс панорамасын жариялады

Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Perseverance марскезерінен алғашқы панорамасын жариялады. Панорама 142 суреттен құралған, - деп хабарлайды Tengrinews NASA-ға сілтеме жасап. 

Сурет 18 ақпанда марскезер қонғаннан кейін бірден жасалған, алайда ол Жерге дейін сапалы түрде жетуі үшін біраз уақыт қажет болған, артынша графикалық редакторда панорама жасалған

Панорама Mastcam-Z камерасының көмегімен жасалған, ол жылжымалы штативте орналасқан. Камера 360 градусқа айнала алады және аз уақыт аралығымен суретке түсіре алады. Ол заманауи смартфондардағы «панорама» функциясына ұқсас, бірақ Марстан түсірілген суреттерді қолмен жинауға тура келген. 

Маркезердің екі камерасымен салыстырғанда Mastcam-Z камерасында екі объектив бар. Біреуі жалпы көрініске жауап берсе, енді бірі жеке бөліктерді жақындатып түсіру үшін арналған. Дәл осындай функция көптеген смартфонда да болады. 

Айналмалы панорама үзіндісінен Езеро кратерінің шетін байқауға болады. 

Панорманы жақсы сападағы түрін Марсты зерттеуге арналған NASA бағдарламасының ресми сайтынан көруге болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...