ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ТҮРЛІ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСІП, ПІКІРЛЕСТІ.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ ТҮРЛІ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСІП, ПІКІРЛЕСТІ.

"Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ардагер аналармен, түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, пікірлесті" - деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

 Жиынды ашып жүргізген аудан басшысы өңіріміздің өркендеуіне үлесін қосып жүрген азаматшаларға алғысын айтып, жұмысты бүгінгіден дамыту, жетілдіру бойынша ұсыныстарға ашықтығын да жеткізді.

Ардагер ұстаз Мәрия Зәйтүнқызы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тайтелиева қоғамдағы өзгерістер туралы сөз қозғап, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтардың хал актілерін тіркеу және жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Гульзия Еспанова салаларына қатысты ұсыныстарын айтты.

Нұрбол Әбдісаттарұлы биылға межеленген жұмыстармен бөлісіп, аудан орталығынан ашылатын Аналар аллеясына тоқталды. Сонымен қатар, көпбалалы аналарды кәсіпкерлікке баулу - бүгінгі күннің маңызды мәселесі екенін атап өтті.

«No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XXIX сессиясында Қазақстан...

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар...

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...