АҚСУКЕНТТЕГІ ЖАҢА САУДА ҮЙІ

АҚСУКЕНТТЕГІ ЖАҢА САУДА ҮЙІ

Ақсукентте шағын және орта бизнес саласы өркендеп келеді. Соның бір дәлеліндей, бүгін аудан орталығы Ақсу ауылы Жібек жолы көшесінің бойында «Ыдыстар әлемі» сауда үйі ашылды. Сауда үйінің салтанатты ашылуында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Ашылу рәсіміне Ақсукент ауылының әкімі А.Бурбеков, ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысып, игі бастамаға ақ жол тіледі.

2004 жылы кішкентай дүкенде сауда жасаудан бастап, бүгінде ауданға танымал іскер және табысты жас кәсіпкер Камилов Сардор Ихтиярұлы 26 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйі өзінің әсем көрінісімен ауылдың көркін аша түсті. Мұнда тұтынушыларға әр алуан ыдыстар мен заманауи жиһаз түрлері ұсынылмақ.

 «No-comment.kz»-ақпарат

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В соответствии с поручением Главы государства по обеспечению отдаленных населенных пунктов питьевой водой в Туркестанской области системно ведется...

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) «Заң мен тәртіп» республикалық бастамасын қолдау мақсатында «ORTAQ...